Жамбыл аудандық сотында сот қызметкерлерімен семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының 2016 жылғы 16 мамырдағы №6001-16-7-4/98 өкімімен бекітілген «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және Соттар әкімшілері РММ қызметінде құжаттарын қалыптастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша сақтау және мемлекеттік мұрағат мекемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру тәртібі туралы қағида» тақырыбында аудандық соттың мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді.
Кеңсе меңгерушісі К.Сатыбалды Қағиданың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын уақытша сақтауды жүзеге асыратын Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа соттардың, Департаменттің және оның территориялдық бөлімдерінің мұрағаттарына таралатындығын түсіндірді.
Семинар барысында істерді (нарядтарды) ресімдеу, қалыптастыру, уақытша сақтауға мұрағаттарға уақытында тапсыру үшін жауапты қызметкерлер, сондай-ақ мұрағат жұмысы үшін жауапты қызметкерлер, өзінің құқықтық мәртебесін және қызметінің ерекшеліктерін ескере отырып, өзінің жұмысында осы Қағиданың талаптарын қатаң басшылыққа алуы қажет екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, қатысушыларға мұрағатқа тапсырылуға жататын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді  қалыптастыру,  ресімдеу тәртіптері түсіндірілді.
Семинар соңында мамандар осы тақырып бойынша пікір алмасып, бірқатар туындаған мәселелері мен  оларды шешу нұсқаларын талқылады.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі