Жамбыл аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Семинар сабағына кеңсе меңгерушісі, Жамбыл АІІБ қызметкерлері, Аса ауылдық округі тұрғындары мен сот қызметкерлері қатысты.
Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Казкенов баяндамасында, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі – бұл халық үшін сот жүйесінің қол жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе. Ол арқылы әрбір азамат кез келген уақытта үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет арқылы сот құжатын көруге, сонымен қатар, істің қаралу барысы мен сот актісін шығарып алуына болады. Сот жүйесіне жаңа технологияларды енгізу және қолдану сот ісін жүргізуді жеңілдетеді, қағазбастылық кедергілерді жояды.
Сондай-ақ, іс-шара барысында «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің жағымды жақтары да аталып өтілді, яғни мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы бірыңғай жүйесін енгізу, мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен жедел алмасу және мемлекеттік бюджеттен қағаз сатып алуға, пошталық және курьерлік қызметтерге кететін шығындарды қысқартуына алып келетіні,  мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлем карточкасы көмегімен төлеу мүмкіндігі берілгені айтылды.
Іс-шара барысында аталған сервистің жұмысына қатысты қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
                                                             
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі