Зейнеткер мен кәмелет жасына толмаған баланы абайсызда қаққаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 120 (бір жүз жиырма) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Зейнеткер мен кәмелет жасына толмаған баланы абайсызда қаққаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 120 (бір жүз жиырма) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Іс құжаттарына сәйкес, 2016 жылдың 26 ақпанында, сотталушы Т.Зунимов техникалық ақауы жоқ, маркасы «Audi 100» автокөлігін Тараз қаласы, Сейфулин көшесі бойымен Б.Момышұлы көшесі жақтан Аль-Фараби көшесі бағытына қарай басқарып бара жатып, қозғалыс үдемділігін және жылдамдықты сақтай отырып, қауіп төнген жағдайда жылдамдықты азайтып көлік құралын тоқтатуға дейін тиісті шараларды қолданбай, яғни Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесінің 10.1 пунктінде көрсетілген талапты өрескел бұзып, «Самал» мөлтек ауданы, № 11 үй маңында жолды сол жақтан оңға қарай өтіп бара жатқан жаяу жүргіншілер 12.06.1940 жылы туылған Г.Рогова мен кәмелет жасқа толмаған 19.08.2003 жылы туылған Е.Роговты көліктің алдыңғы жағымен абайсызда қағып кеткен. Осы жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жаяу жүргіншілер Г.Рогова және Е.Рогов дене жарақаттарын алып Тараз қаласының ауруханасына қаралған. Сот-медициналық сараптамасы сарапшысының қорытындысына сай Г.Рогованың денсаулығына орта дәрежелі зиян келтірілгені анықталған.
Тараз қаласы №2 сотының 14.09.2016 жылғы үкімімен Зунимов Турсыналы Касымович Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен (Автомобильді басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы) кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша 2 (екі) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 120 (бір жүз жиырма) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазасы тағайындалды.
 
Қайнар: Тараз қаласы №2 сотының баспа сөз қызметі