Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға, аудандық сотының төрағасы Г.Аманбаев, судьялар С.Қалқабаев, Л.Байтленова, сондай-ақ соттың мемлекеттік қызметшілері және «Құлан таңы» газетінің тілшісі қатысты.
Судья С.Ш.Қалқабаев өз баяндамасында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әр адамның міндеті мен борышы екендігіне, сыбайлас жемқорлықтың біздің мемлекетімізбен демократиямызға нұқсан келтіретіндігіне, сондықтан, кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамдағы төзімділікті қалыптастыруға жүйелі жағдайлар жасалу керектігіне түсіндірме берді.  
Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың  алдын-алу бойынша заң нормалары талқыланды.
Аудандық соттың төрағасы Г.Аманбаев сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, алдын кесу мәселелері туралы судьяларға, сот қызметкерлеріне  іске қатысушылармен, адвакатура, құқық қорғау органдарының, сот жүйесінде бұрын қызмет жасап жатқан қызметкерлерімен және тағы басқалармен іс жүргізумен байланысты емес қарым-қатынас жасамау қажеттігін атап өтті.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі