Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.
Іс шараға  аудандық соттың судьясы Л.Байтленова, аудан прокуратурасының прокуроры С.Абдикулов, аудандық заң кеңсесінің  адвокаттары Д.Ноғайбаева, Б.Макаева, А.Молдабаев, М.Сатимбеков  және «Құлан таңы» газетінің тілшісі  М.Өтегенова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында судья Л.Байтленова өз сөзінде: сот қызметінде ақпараттық технологияларды дамыту және кеңінен қолдану Жоғарғы Соттың басым бағыттардың бірі болып табылатындығын атап айтты.
Жоғарғы Соттың 2014 жылы іске қосылған «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі азаматтарға, олардың өкілдеріне және адвокаттарға сотқа талап- арыздарды, апелляциялық шағымдарды, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатты және электрондық түрде өтінішті, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге, сот құжаттарын, сондай-ақ іс бойынша мәртебесін көруге және т.б. мүмкіндігін береді.
«Сот кабинеті» электрондық өзара іс-қимыл, сондай-ақ сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.
«Сот кабинеті» сервисін іске қосқан сәттен бастап оның мүмкіндіктері тиісті түрде бағаланды: сервисті халық кең пайдалануда және адвокаттар мен кәсіпкерлердің тиімді жұмысына көмектесуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіруге және өздерінің  конституциялық құқықтарын қорғауға ықпал етеді.
«Сот кабинеті» сервисінің қағаз түрінен ерекшелігі электрондық нысанда талап арыздарды, сот хаттамасын беру туралы арызды, хаттамаға ескерту-арызды беруге, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы кез-келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге берілген мүмкіндік болып табылады.
Сондай-ақ,  «Сот кабинеті» сервисінде стандартты тіркеуден өту, қолданушылық келісімге қол қою және сотқа электрондық құжат нысанында құжаттарды беру туралы ұсынымдарымен танысу қажет. Сервистің артықшылығы компьютер, интернет және электрондық цифрлық қолтаңба бола тұра, талап-арызды кез келген уақытта беру мүмкіндігінен тұрады.
Жоғарғы Сот Ақпарат және коммуникация министрлігімен  және КЕАҚ-ның «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен» бірлесіп іске асырылған пилоттық жоба аясында электронды цифрлық қолтаңбалары жоқ азаматтар үшін республиканың жеке соттарында оны алуға мүмкіндік берілді.  
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі