Тұрар Рысқұлов аудандық сотында семинар сабақ өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Сот отырыстарында бейне және дыбыс жазу құрылғыларын қолдану бойынша туындаған мәселелер» тақырыбында семинар сабағы  өткізілді.
Іс-шараға  аудандық соттың судьялары, сот қызметкерлері және «Құлан таңы» газетінің тілшісі қатысты.
Судья Л.Байтленова, сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жұмысты оңтайландырудың, сот ісін жүргізудің жоғары деңгейде ашық болуына қол жеткізудің  перспективті бағыттарының бірі ақпараттық  технологияларды, оның ішінде дыбыс-бейне жазбасын қолдану болып табылатынын айтты.
Кеңсе меңгерушісі Г.Орымбекова сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын техникалық қолдану, оны сақтау және жою, аудио-бейнежазбаға қол жеткізу туралы  бекітілген қағидаларға сәйкес сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба құралдарын пайдалануды сот отырысының хатшысы іске асыратынын жеткізді.
Шара барысында нұсқаулыққа сай дыбыс-бейне жазбаны қолданудын кейбір мәселелері де талқыланды.
                                                                               
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі