Тұрар Рысқұлов аудандық сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүрізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау туралы істерді қарау тәжірибесі)  тақырыбында семинар өткізілді.
Іс шараға аудандық соттың судьясы, аудандық прокуратурасының прокуроры, Т.Рысқұлов аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары  және  «Құлан таңы» газетінің тілшісі қатысты.
Іс-шарада судья С.Узбеков баяндама жасап,  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкіндігін, жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) алдын ала жүгіну сотқа арыз беру және соттың оны қарауға және мәні бойынша шешуге қабылдауы үшін міндетті шарт болып табылмайтынын,  шағымдар оларды қарауға және олар бойынша шешім қабылдауға заңмен уәкілеттік берілген мемлекеттік органға немесе сол лауазымды адамға берілетінін, шағымды қарауды әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды адамға тапсыруға тыйым салынатынын және шағымданудың басқа да тәртібін атады.
Сонымен қатар, шағым беру мерзімін, шағымды қарау тәртібін айтып өтті.
Семинар сабақтың аяғында судья С.Узбеков қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
 
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі