Тұрар Рысқұлов аудандық сотында алимент туралы дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тұрар Рысқұлов аудандық соты талапкер К.-нің жауапкер М.-тан өзін асырауға алимент өндіру туралы талап арызды медиация тәртібімен шешті. Талап қоюшы К. заңды некеден  04.11.2014 жылы туылған ортақ бала Ш. үш жасқа толғанға дейін асырауға материалдық көмек қажет болуына байланысты талап арызбен сотқа жүгінген. 
Сот істі қарау барысында тараптар, дауды медиация тәртібімен реттеу келісіміне келген, сотпен жоғарыда көрсетілген дауды медиация тәртібімен реттеу келісімнің шарттары бекітілген, соған байланысты іс бойынша өндіріс қысқартылды.  
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.        
                                                                       
Қайнар: Тұрар Рысқұлов аудандық сотының баспасөз қызметі