Тәлімгерлік сағат

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша сот төрелігін іске асырудағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар сабағы өтті.
Кеңес отырысына соттың тәлімгері, Жамбыл облыстық сотының судьясы Г.Сыздықова, судьялар Д.Мәуленов, Д.Мерзадинова, Д.Дуанбеков қатысты.
Кеңес шеңберінде «Соттардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексін қолданудың кейбір мәселелері» атты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының жобасы, сот төрелігін жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Бұған қоса апелляциялық сатыда өзгертілген және бұзылған сот қаулылары талқылау өзегіне айналды. Аталған мәселелерді талқылау барысында тәлімгер, судья Г.Сыздыкова жас судьяларға заңнама нормаларын дұрыс қолдану бойынша, дәлелдемелерді бағалау турасында әдістемелік көмек берді, сот актілерін сапалы жазу керектігіне баса назар аудартты. Сонымен қатар, кеңес барысында сот актілерін уақытылы және тиісті түрде орындауға жолдану мәселелері талқыланды.
Жиын соңында қызмет етуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексін қолданудағы қиындықтар мен кемшіліктер талқыланып ұсынымдар жасалды.
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.