«Тергеу судьясы-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысы Талас аудандық сотында «Тергеу судьясы-азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс шараға Талас аудандық сотының тергеу судьясы Л.Дукенбаева Талас ауданының прокуратурасының  аға прокуроры М.Теміржанов, Талас аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі Р.Арип, кеңсе меңгерушісі А.Қалабаев, бас маман А.Тұтқышбаева қатысты.
Дөңгелек үстел барысында судья Л.Дукенбаева тергеу  судьясының қызметі  туралы  баяндамасын оқыды.
Өзінің баяндамасында судья Л.Дукенбаева ҚР   ҚПК-нің  54   бабында, тергеу  судьясының өкілеттігіне  қылмыстық  сот ісін  жүргізуде адамдардың  құқытарының, бостандықтары мен  заңды  мүдделерінің сақталуы жататындығын атап айтты.
ҚР  ҚПК-нің  55   бабында   тергеу   судьясының  өкілеттіктері  көрсетілгенін, ал 2016 жылдың   қаңтар айынан  бастап судьяның  өкілеттіктері кеңейгенін атап айтты. Дөңгелек үстелге қатысушылар айыпталушыға қатысты бас шарасын күзетпен ұстауды санкциялау, бас шарасын күзетпен ұстауды санкциялау үшін кепілді  қолдану және кепіл мүлікті бағалауға, олардың шешімін табу бойынша өзекті мәселерді талқылады.
Шараның соңында тергеу судьясы қатысушыларға қатысқандары үшін алғысын білдіріп сұрақтарына жауап берді.
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі