Тараз қаласының №2 соты тонаушыға үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF
Жамбыл облысы  Тараз қаласы  №2 сотында  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі - 191-бабының  2-бөлігінің  1-тармағымен (тонау) айыпталып сотқа берілген У-ға қатысты қылмыстық іс қаралып аяқталды.
04.01.2017 жылы У. шамамен 01.30 сағатта бөтеннің мүлкін ашық жымқыру мақсатында Тараз қаласы Қойгелді көшесінің жаяу жүрушіге арналған жол жиегіне қарай бет алып, №97 үйдің алдынан өзіне бұрын таныс емес Б.-ны көріп, өзіне шақырып алған.
Б-мен сөйлесу барысында ол Б-ға тиесілі қара түсті маркасы «Huawei» ұялы телефонын оған беруін өтініп, өтінішіне қарсы жауап алған.
У. өзінің қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында оған күш қолданып, балағат сөздер айтып, күш қолдану қатерін төндіріп, Б-ның қолынан оның қара түсті бағасы 60 000 теңге тұратын маркасы «Huawei» ұялы телефонын жұлып алған, содан кейін қасынан өтіп бара жатқан Тараз қаласы ІІБ-нің №1 полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен ұсталған.
Тараз қаласы №2 сотының 14.03.2017 жылғы үкімімен У. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі - 191-бабының  2-бөлігінің  1-тармағымен (тонау) кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, 3 (үш) жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар