Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Көліктегі, жол шаруашылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерді қарау барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға сот төрағасы А.Мадемаров, судья Д.Мерзадинова, Тараз қаласы ІІБ ЖППБ бастығының орынбасары Д.А.Джангабылов, Тараз қаласы ІІБ ЖППБ рота командирлері А.Бейназаров, Н.Керебаев, Тараз қаласы ІІБ ЖППБ аға тергеушісі Ж.Таникеев қатысты.                 
Дөңгелек үстелді ашып, сот төрағасы А.Мадемаров Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларын (жол жүрісінің қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін анықтайтын басты құқықтык актісі) бұзу жол-көлік оқиғаларының басты себебі екенін атап өтті.
Өз баяндамасында судья Д.Мерзадинова ҚР ӘҚБтК-нің 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықты сипаттау кезінде ЖЖҚ тарауларына және бөліктеріне сілтеме жасап, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жазбаша нысанда жасайтынын айтты.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 13 шілдедегі № 504 бұйрығымен бекітілген жаңа психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландыру жүргізу қағидаларын талқылады.
Іс-шара соңында қатысушылар хаттаманы толтыруда және материалды сотқа жолдауда туындайтын проблемалық сұрақтарды талқылады.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі