Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыларды орындау мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF
Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кеңсе меңгерушісінің м.а. А.Тажиеваның және соттың мамандарының қатысуымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыларды орындау» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.                     
Бас маман-сот отырысының хатшысы А.Ергебаев өз баяндамасында, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы ол заңды күшіне енген сәттен бастап орындалуға жататынын, ал арнаулы құқықтан айыру түрінде әкімшілік жаза қолдану және әкімшілік қамау туралы қаулы ол шығарылған сәттен бастап орындалуға жататынын айтты.
Сонымен қатар А.Ергебаев, әкімшілік айыппұл түрінде жаза қолдану туралы қаулылардың көшірмелері күнтізбелік он күн ішінде тиісті органдарға ерікті орындауға арналған мерзім аяқталғаннан кейін мәжбүрлеп орындауға жіберілетінін атап өтті.
Сөз соңында, баяндаушы аталған іс-шара  әкімшілік өндірісі шеңберінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу сот жүйесінің мақсаты екендігін айтты.
 
Қайнар: Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі

 

Пікірлер мен ұсыныстар