Тараз қаласы №2 сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –шаралар туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF
Тараз қаласы №2 сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –шаралар туралы» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге соттың судьялары мен мемлекеттік қызметкерлерімен Тараз қалалық прокурорының, аға көмекшілері – Д.Әбдіқалықпен Ғ.Құрманов қатысты.
Тараз қаласы №2 сотының судьясы. Ж.Байдәулетова баяндамасында,  соттардың лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды жасағаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы заңнаманы дұрыс қолдануы сыбайлас жемқорлықтың деңгейiн төмендетудi, қоғамның мемлекетке, оның институттарына деген сенiмiн нығайтуды, соттар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тiкелей қатысатын құқық қорғау органдарының жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз етуін атап өтті.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар  аталған тақырып бойынша өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар