Тараз қаласы №2 сотында «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын енгізу бойынша семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қаласы №2 сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (ары қарай ҚР ЖС) жанындағы Соттардың кызметін қамтамасыз ету департаментінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі С.Б.Омаш, ҚР ЖС жанындағы Соттардың кызметін қамтамасыз ету департаментінің қылмыстық істер бойынша сот алқасының хатшылық секторының меңгерушісі С.Ш.Туратпаев,  Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысының орынбасары Г.Турдыева Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Н.Жамашов, Тараз қаласы №2 сотының тергеу судьясы Н.Дауылбаев, кеңсе меңгерушісі Ж.Құтымбетова,  сондай-ақ соттың мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен «Электрондық қылмыстық іс» пилоттық жобасын енгізу бойынша семинар сабағы өтті.
Өз сөзінде С.Омаш қатысушыларға Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Ішкі істер министрлігінің Бірлескен бұйрығына сәйкес жобаның енгізілуі 2017 жылдың 15 тамызына белгіленгендігін айтты. Сондай-ақ, басты мақсат – қылмыстық сот ісін жүргізуге сандық технологияларды енгізу, оның айқындығын арттыру, қылмыстық процесстің мерзімін қысқарту, сондай-ақ қағаз жұмыстарын оңтайландыру екенін атап өтті.
Іс шараның соңында қатысушылар өзара пікір алмасты және барлық қойылған сұрақтарға тиісті түсініктемелермен жауаптар берілді.
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі