Тараз қаласы №2 сотына жаңа төраға таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Абидов ҚР Президентінің Жарлығымен Тараз қаласы №2 сотының төрағасы болып  тағайындалған Низамиддин Жамашовты таныстырды. 
Н.Абидов тағайындалған төрағаны құттықтап, сот төрелігін күшейтуде және жоғарғы жетістіктерге жетуде  табыстар тіледі. Өзінің тілегінде тағайындалған төрағаға судьяның мәртебесі жоғары екендігі туралы, сот әдебін сақтау және заңның басымдығын қамтамасыз ету туралы ескертті.
 
Қайнар: Тараз қалалық №2 сотының баспасөз қызметі