Тараз қалалық сотының судьясы Мар-Лен Мынжанұлы Тлеубеков Қарағанды облысындағы судьялар Спартакиадасында ерлер арасындағы үстел теннисінен бірінші орынды иеленді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
22-24 қыркүйек аралығында Қарағанды облыстық сотының базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған, судьялар Спартакиадасының финалдық ойындары өтеді.
Аталған іс-шарада біздің облысымыздың намысын қорғаған ағымдағы жылдың 27 мамырында өткен, оған Алматы қаласының, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының судьялары қатысқан, Жамбыл облысының Тараз қаласында республиканың оңтүстік өңірі бойынша Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасында үстел теннисінен бірінші орынды иеленген, Тараз қалалық сотының судьясы Мар-Лен Мынжанұлы Тлеубеков болды.
Қарағанды облысында да біздің облысымыздың өкіліне тең келетін ешкім болмады.
Бәсекенің қорытындысы бойынша Тараз қалалық сотының судьясы Мар-Лен Мынжанұлы Тлеубеков енді Республикалық деңгейде де бірінші орынды қанжығасына байлады.
 
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі