Тараз қалалық сотында азаматты қайтыс болды туралы арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық сотында арызданушы Д. ағасын Б. қайтыс болғанын жариялау туралы Тараз қаласының прокурор көмекшісінің қатысуымен ашық сот мәжіліснде азаматтық іс қаралды.
Іс бойынша жиналған дәлелдемелерге сәйкес, арызданушы Д. ағасының орналасқан жері туралы 4 жылдан астам уақыт білмеген. Сотқа үш ай мерзімде Б. туралы қандайда бір мәлімет болған жағдайда хабарлау туралы "Знамя труда" және "Ақ жол" газеттеріне хабарландыру орналастырылған, алайда қандай да бір хабарлар келіп түспеді.
Осыған байланысты, сот шешімімен арызданушы Д. ағасы Б. қайтыс болғанын жайыралау туралы арызы қанағаттандырылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Тараз қалалық сотының баспасөз қызметі