Тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF
Байзақ аудандық сотында ҚР ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігімен (Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) қозғалған қылмыстық ісі қаралды.
Іс материалдарынан анықталғандай, жеке айыптаушы К.-ның айтуы бойынша, сотталушы М. жеке айыптаушының үйінде балағат сөздер айтып, қорлап, ар намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіткен.
Сот отырысында жеке айыптаушы сотталушының жасаған іс әрекетіне өкінетінін айтып, одан кешірім сұрағанын, оған талабы жоқ екенін айтып, жеке айыптаудан бас тартып, медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты қылмыстық істі қысқартуды сұраған.
Сот, анықталған мән-жайларды зерттеп, іс бойынша тараптардың өзара татуласып дауды медиация тәртібімен реттеу туралы жасаған келісімін бекітті, жеке айыптау қылымыстық ісі  өндірісімен қысқартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар