Талас аудандық сотында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Талас аудандық сотында  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  тақырыбында семинар өтті.
Іс-шараға сот төрағасы Ж.Жұмабеков және судьялар Б.Жармұхамбетов, М.Байтасова, Л.Дукенбаева  қатысты.
Судья Л.Дукенбаева баяндамасында, тақырып бойынша өзекті мәселелер мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыруларды» және Қылмыстық кодексіне, Қылмыстық процестік және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне, №91-VI 11 шілде 2017 жылы қол қойылған заңнамаға жаңадан енгізілген өзгерістерді түсіндіріп және Азаматтық процестік кодекстің өзгертулеріне толық тоқталып өтті.
Семинар соңында Л.Дукенбаева заңнаманың талаптарын сақтауға  назар аударып, аталған заң 2017 жылдың 25 шілдесінде заңды күшіне енгенін еске салды.
Іс-шараның соңында  қатысушылар  өзара пікір алмасты.
 
Қайнар: Талас аудандық сотының баспасөз қызметі