«Талап арыздарды қайтарудың заңдылығы мен негізділігі» атты тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында «Талап арыздарды қайтарудың, сот өндірісіне қабылдаудан бас тартудың заңдылығы мен негізділігі» атты тақырыбында семинар өткізілді. 
Аталған іс-шараға, аудандық сотының төрағасы Қ.Үсенбаев, судьялары және аудандық соттың қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында аудандық сотының төрағасы Қ.Үсенбаев өз сөзінде, арыз азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға және шешуге жатпаса, сол тараптардың арасындағы, нақ сол нысана туралы және нақ сол негіздер жөніндегі шығарылған дау бойынша, судья талап қою арызын қабылдаудан бас тартатынын айта кетті.
Талап қою арызын қабылдаудан бас тарту туралы ұйғарымға шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Сот төрағасы, егер талап қоюшы істердің осы санаты үшін заңда белгіленген немесе тараптардың шартында көзделген дауды сотқа дейін реттеудің тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жойылмаса, талап қою арызын қайтару туралы соттың ұйғарымына апелляциялық сатыдағы сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін, оның шешімі түпкілікті болып табылады деп атап өтті.
Іс шараның соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша өздерінің пікірлерімен алмасты.
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі