Сыбайлас жемқорлық - басты індет

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

         «Сыбайлас жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны «параға сатып алу», «пара» ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында, сондай-ақ «corruptio» түсінігі болғаң ол жалпы сөзбен айтқанда «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу» деген ұғым беріп, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

         Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу,  лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. Қазіргі замаңғы түсінік бойынша сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекеттік қызметті атқаратын және оған теңестірілген адамдардың мемлекеттік билікті асыра пайдалануы.

         Қазақстан Республикасының тәуелсіздіктің алғашқы күндерімен бастап сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністерін жою бойынша жүйелі және дәйекті түрде күрес жүргізіп, құқықтық база мен тиісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдар құрылады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдар құрылады. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия, уәкілетті орган – Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттік қаржы полимциясы қызмет етуде.

         Мемлекеттік басшысы Қазақстан халқына Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен табанды күрестің, тиімді құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді, сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын ескерту және олардан сақтандыру үшін қоғам күштерін нығайтуды көздейтін сыбайлас жемқорлықпен күрестің жаңа стратегиясын әзірлеудің қажеттілігін ерекше атап өтті.

         Елбасы бастаған ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегияссы аясында қоғамдық тұрақтылыққа төңген қатер ретінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» бағдарламасы бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналып отыр. Қазақстан ТМД елдері арасында ең бірінші болып, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша тиісті заң шығарған мемлекет ретінде де танылды. Расында да сыбайлас жемқорлық кейінгі ұрпақтардың өміріне залал келтіретінін айта кету біздің парызымыз.

         Сыбайлас жемқорлықпен күресудің ең бастысы, оның алдын алу, яғни халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырып барлық мемлекеттік органдар мен мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларын жүзеге асыру туралы насихат және азаматтардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру кеңінен жүргізілуі қажет. Мемлекеттік орган басшылары жемқорлық әрекеттерге байланысты принциптік бағыт ұстанып, тәртіптік жаза болса да оның қатаң түрлерін қолдануы тиіс. Сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамды жайлаған жегі құртқа тосқауыл қою үшін ел арасында түсінік беру жұмыстарын жиілетудың қажеттілігі күннен күнге артып келеді. Сыбайлас жемқорлықты туғызатын жағдайларды болдырмау үшін сот қызметкерлері соттық нормалары, мемлекеттік және еңбек тәртіптерін қатаң сақтауды және процессуалдықемес қарым-қатынастарды болдырмауды басты назарға алып, осы мақсатта жұмыс жұргізуде. Сондықтан,  әрбір адам өз ісін алдын-ала дұрыс жолға қойып заң талаптарына қарсы келмейтіндей етіп жүзеге асырулары керек және лауазымды адамдарды да заңсыздыққа «итермелеп» апармауы тиіс. Бұл «жаман пиғыл» яғни, мемлекеттік қызметкернлер арасында сыбайластықтың орын алуы мемлекет үшін де, ел үшін де пайда келтірмейтіні анық.

 

Зина ЖҰМАХМЕТОВА, Жамбыл облыстық сотының отставкадағы судьясы