«Судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттерін ұйымдастыру, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі» атты тақырыбында семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында «Судьяның істі сот талқылауына дайындау жөніндегі әрекеттерін ұйымдастыру, олардың іс жүргізушілік ресімделу тәртібі» атты тақырыбында семинар өткізілді.  
Аталған іс-шараға, аудандық сотының төрағасының м.а. А.Замбаев және аудандық соттың қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында аудандық сотының төрағасының м.а. А.Замбаев өз сөзінде, істің мән-жайларын ескере отырып, істі сот талқылауына дайындау тәртібімен судья дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді сот белгілеген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейтінін, тараптарға олардың процестік құқықтары мен міндеттерін түсіндіретінін, ұсынылған процестік құжаттар және тараптар өзара даулайтын мән-жайлар бойынша түсіндірмелер беруді ұсынатынын, тараптарға дәлелдемелерді сот белгілеген мерзімде уақтылы ұсынбаудың және процесті негізсіз созудың осы Кодексте белгіленген құқықтық салдарын түсіндіруге міндетті.
Сонымен қатар сот тапсырмаларын жібереді, талап қоюшының арызы бойынша ол берген талап қою арызын қайтару туралы ұйғарым шығарады,  істі дұрыс әрі уақтылы қарау және шешу үшін өзге де қажетті процестік әрекеттерді жасайтынын айта кетті.
Іс шараның соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша өздерінің пікірлерімен алмасты.
 
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі