Сотпен заңсыз сыйақы алғаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Тараз қалалық №2 сотында ҚР ҚК-нің  247 бабының 1 бөлігімен /заңсыз сыйақы алу/ айыпталып сотқа берілген А-ға қатысты қылмыстық істің қаралуы аяқталды.
Іс материалынан анықталғаны, Жоғарғы оқу орынының (ары қарай ЖОО) білімгері К. оның дипломдық жұмысына сол мекеменің кафедра меңгерушісі А. жетекшілік ететіндігін білген.  2017 жылдың наурыз айында К., А-мен кездесіп қалып, дипломдық жұмысын жасап беруге көмек сұраған, А. мемлекеттік мекеменің қызметкері, мемлекеттік функцияларының орындалуын қадағалайтын уәкілетті тұлға емес, оқу бөлімінің оқытушылық қызметімен айналысатын, өзінің лауазымдық міндеттері бойынша сол мекеме студенттерінің дипломдық жұмыстарының атқарылуына жауапты маманы болған, сөйтіп К.-ның ұсынысына келісіп, олар  100 000 теңге сыйақыға келіскен. 
Жедел-тексеру іс-шаралары барысында, келісілген сомманы алған соң, Жамбыл облысы ІІД-нің ҰҚҚКБ-ң қызметкерлерімен сотталушы А. ұсталған. Осылайша,  А. барлық соммасы 100 000 теңгені құрайтын  тікелей көмек көрсетуге міндетті маман бола тұра, заңсыз түрде атқарылған жұмысы үшін материалдық сыйақы алған.  
Басты сот талқылауында сотталушы А. өзіне тағылған айып бойынша кінасын мойындаған жоқ.
Соттың үкімімен ҚР ҚК-нің  247 бабының 1 бөлігімен А. кінәлі деп танылып, оған 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни, 68 070 (алпыс сегіз мың жетпіс) теңге айыппұл тағылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.      
 
Қайнар: Тараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі