Сот жүйесінің ашықтығы - қазіргі уақыт талабы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жуалы аудандық сотында, «Сот жүйесінің ашықтығы - қазіргі уақыт талабы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  
Аталған іс шараға, судья Б.Жамалбекұлы, прокурордың орынбасары Ж.Науатов, қорғаушы О.Шуақбаев, пробация қызметінің басшысы капитан А.Отарбаева, Жуалы ауданы мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Қ.Шабденов және БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында, судья Б.Жамалбекұлы өз сөзінде, соттағы іс жүргізудің ашықтығы, қолжетімділігі, айқындылығы, Қазақстандағы сот төрелігінің демократиялық әділдігінің бірден-бір процесуалдық кепілі болып табылатынын, тәуелсіз бейтараптылық сотпен әділдіктің барлық талаптарының қолданылуымен, өзінің ісінің ашықтығымен, толық теңдікпен айқындалып қаралуына әр азаматтың құқығы бар деп айта кетті.
Өзінің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету арқылы сот, Қазақстан республикасының азаматтардың объективтілік ақпарат алуына Конституциялық құқықтарын іске асырып қана қоймай, азаматтық қоғамның дамуына өз үлесін қосып, сот билігінің беделін қатайтып, сот жұмысының сапасын жақсартып отыр. Сот талқылауы ашық болуы қажет, заңдарда көзделген басқа жағдайларды қоспағанда, кез келген адам сот отырысына қатысуға құқығы бар.
Сонымен қата, судья Б.Жамалбекұлы БАҚ-ы сот отырысының ашықтығы мен жариялылығының басты құралы болып табылатынын атап өтті.                
Іс шара соңында қатысушылар өз тараптарынан, ашықтық мемлекеттің құқықтық институттарының дамуына өз ықпалын тигізетін сот жүйесінің ашықтығына оң баға беріп, аталған тақырып бойынша өз ұсыныстарын білдірді.  
 
 
Қайнар: Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі