Сот «Югвент» ЖШС-нің жауапкер «Talas Investment Company»ЖШС-нен қарыз сомасын өндіру туралы талабын ішінара қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Югвент» ЖШС-нің жауапкер «Talas Investment Company» ЖШС-нен 19 410 816 теңге қарыз сомасын, 1 941 081 теңге айыппұл сомасын, 1 941 081 теңге өкілдің қызметіне келтірілген шығындар сомасын, 640 557 теңге төленген мемлекеттік баж сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Талапкер өзінің талабын, тараптардың арасында «Цианид натрийді өндіру зауытының құрылысы» объектісінің вентиляция жүйесін және жиынтықтарын дайындау және монтаждау жұмыстарын орындау бойынша мердігерлік келісім шарты жасалған. Талапкермен келісім шартта және қосымша келісімде көрсетілген жұмыстар толығымен орындалған. Жауапкермен келісім шарт бойынша көзделген соманың бөлігі төленіп, 19 410 816 теңге қарыз сомасы төлемегенін негіздеп, өндіруді сұраған. Сот, талап арызды ішінара қанағаттандырып, талапкер «Югвент» ЖШС-нің пайдасына жауапкер «Talas Investment Company» ЖШС-нен 19 410 816 теңге қарыз сомасын, 870 000 теңге айыппұл сомасын, 50 000 теңге өкілдің қызметіне келтірілген шығындар сомасын және 608 425 теңге төленген мемлекеттік баж сомасын өндірді.   
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі