Сот медиациясын жүргізу нәтижесі бойынша ерлі-зайыптылар ортақ мүлікті ерікті түрде бөлу келісіміне келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының Жамбыл аудандық сотында талап қоюшы Е.-ның жауапкерлер Ш. мен Т.-ға, яғни бұрынғы жұбайы мен мүліктің жаңа иесіне автокөлікке қатысты келісім шартты заңсыз деп тану туралы талап арызы негізінде қозғалған азаматтық ісі қаралған.
Осы азаматтық істі қарау барысында тараптардың жазбаша өтініші бойынша сот медиациясы жүргізіліп, соның нәтижесінде тараптар дауды медияция тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттары бойынша жауапкерлер талап қоюшыға сатылған мүліктің жарты құнын ерікті түрде  төлеп беруге міндеттенген, сондықтан да талап қоюшы  өзінің талабынан бас тартқан.
Аталған келісім еріктілік және тараптардың тең құқылығы қағидасына сай жасалғандықтан және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбағандықтан, сот келісімді бекітіп, тараптарға істің қысқартылатындығын және келісімді бекітудің салдарын түсіндірген.
Судьямен жүргізілген медияцияның нәтижесінде тараптар бұрынғы ерлі-зайыптылардың мүлкін ерікті түрде бөлуге келіскен.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметі