Сот қарыз сомасын өндіру туралы талап арызды қанағаттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы жеке кәсіпкер Жакипова Дуйсенкуль Кырашбаевнаның жауапкер «ALK Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен қарыз және айыппұл сомасын өндіру туралы азаматтық ісі қаралды. Талап қоюшы өзінің талабын, тараптардың арасында №2 жеткізіп беру сатып алу-сату келісім шарты жасалған. Осыған байланысты, талап қоюшы жауапкердің мекен-жайына тауарларды жеткізіп беруге, ал жауапкер тауарларды қабылдап және ақшасын төлеуге міндеттенген. Талап қоюшымен келісім шартта көрсетілген міндеттемелер толығымен орындалған. Жауапкермен келісім шарт бойынша көзделген соманың бөлігі 180 000 теңге төленіп, қалған 1 144 640 теңге қарыз сомасы қазіргі уақытқа дейін төлемегенін негіздеп, өндіруді сұраған. Сот, жауапкер келісім шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтарды деп санап, талап арызды толығымен қанағаттандырып, талап қоюшы жеке кәсіпкер Жакипова Дуйсенкуль Кырашбаевнаның пайдасына жауапкер «ALK Company» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 1 144 640 теңге қарыз сомасын, 227 355 теңге айыппұл сомасын, 13 720 теңге төленген мемлекеттік баж сомасын өндірді.  
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі.