Сот дауды сот медиациясы тәртібінде реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Байзақ аудандық соты талапкер А.-ың жауапкер С.-дан регресс тәртібімен берешекті өндіру туралы азаматтық ісін сот медиациясы тәртібінде реттеді.
А. өз талабында 03.12.2013 жылғы сот шешімімен өзінен және жауапкер С. бірге төлеу тәртібімен 542 400 тенге өндірілген. Жеке сот орындаушының қаулысымен төленетін соманың толық төленгеніне дейін талапкердің жалақысынан ай сайын 50% ұсталған. Талапкердің жалақысынан барлығы 560 640 тенге ұсталған.
Осыған орай талапкер соттан оның пайдасына регресс тәртібімен берешек сома 560 640 тенге және мемлекеттік баж шығынын қайтаруын сұраған.
Сот талқылауына дайындық барысында тараптар сот медиациясын жүргізу туралы өтінішпен жүгінді.
Сот тараптардың өтінішін қанағаттандырды және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, аталған келісімге сәйкес, жауапкер С. 280 000 теңге көлеміндегі соманы төлеуге міндеттенді, ал талапкер өз кезегінде талап арыздан бас тартты.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ           
 
Қайнар: Байзақ аудандық сотының баспасөз қызметі