Шу қаласында «Кәмелетке толмаған балаларды асырап бағуға арналған алимент өндіру жөніндегі мәселелер» тақырыбында халықпен кездесу өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу қалалық әкімдігінде «Кәмелетке толмаған балаларды асырап бағуға арналған алимент өндіру жөніндегі мәселелер» тақырыбында халықпен кездесу өткізілді.
Кездесуге аудандық сотының судьясы Е.Қ.Ілиясов, Шу ауданаралық прокурорының орынбасары М.Естаев, Шу ауданаралық прокуратурасының прокуроры А.Далишова, Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.Базарова, «Шу ауданы әкімдігінің жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  Коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің басшысы Г.Керімбаева, Шу аудандық Ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығының міндетін атқарушы А.Байжанов,  Шу аумақтық жеке сот орындаушысы Ж.Шалабеков, Шу аумақтық мемлекеттік сот орындаушы А.Шалабекова қатысты.
Шара барысында судья Е.Қ.Ілиясов алименттер сот тәртібімен өндіріліп алынған кезде кәмелетке толмаған балаларға өндіріліп алынатын алименттер мөлшерін заң төлеуші жалақысына үлесті қатынаста айқындайтынын, ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларға қатысты алименттік міндеті балалар кәмелетке толғанда аяқталатынын. Алайда заң кәмелетке толған балаларға қатысты, олар еңбекке жарамсыз және көмекке мұқтаж болған жағдайда алименттерді сақтау мүмкіндігі де қарастырылғанын, сот шешімін орындамай,  балаларына алимент төлемейтін борышкерлер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын  айтып өтті және сот саласының жұмысы бойынша қойылған сұрақтарға толық жауап берді.
Кездесуге катысушылар өзекті мәселелерді талқылады.
 
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі