Шу аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу  аудандық сотында заң көмегін алуға келген азаматтарға құқықтық көмек беру, сот жүйесіне деген сенімді арттыру және сот төрелігінің қол жетімділігі мен жариялылығын таныттыру мақсатында  «Ашық есік күні» өткізілді. 
Аталған іс-шараға  келген азаматтардың фактінің заңдылығын анықтау, қарыз ақшаларын өндіру, еңбек өтілдерін есептеу, келтірілген залалдарды өндіру және отбасылық қарым-қатынасқа байланысты қойылған сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі туралы түсіндірілді.
Шу қаласының тұрғыны А.Е.Сабырханов  еңбек мiндеттерiн орындауы кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды және денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығыстарды өтеу үшін сотқа арыздану туралы сауалдарын қойды.
Ауыл тұрғынының сауалдарына сот төрағасы міндетін атқарушы Б.Абуевпен заң тұрғысынан толықтай жауап берілді, сонымен бірге талап арызбен сотқа қалай жүгінуге болатынын және талап арызға қандай қосымша құжаттарды тіркеу керектігі де түсіндірілді.
«Ашық есік күні" - соттың халыққа деген ашықтығы мен жариялығының бірден-бір дәлелі болғандықтан, іс шара айына өткізілетінін, кез келген азамат сотқа келіп, мазалап жүрген сұрағына жауап ала алатынын айтып өтті.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі