Шу аудандық сотында 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша пресс-конференция өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Пресс-конференция Шу аудандық сотының төрағасы Е.Жаманқұловтың және «Шу өңірі» жергілікті газеті өкілінің қатысуымен өтті.
Іс-шара барысында Е.Жаманқұлов тілшіге 2017 жылдың 1 жартыжылдығында барлығы 215 адамға қатысты - 198 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 82 адамға қатысты - 73 үкім шығарылған,  1 адамға қатысты - 1 ақтау үкімі шығарылған, 7 адамға қатысты - 7 қылмыстық іс прокурорға қайтарылған,  123 адамға қатысты - 117 іс қысқартылған, 40 іс медиатордың қатысуымен қысқартылған.
 Аталған уақытта 1 179 азаматтық іс қаралған, оның ішінде сот бұйрығын шығарумен - 325 іс, шешім шығарумен - 740 іс қаралған, - 19 талап арыз қараусыз қалдырылған, - 82 іс бойынша сот өндірісі қысқартылған, соттылығы бойынша - 13 іс жолданған.
 Әкімшілік істер бойынша статистика келесідей: 585 тұлғаға қатысты - 585 әкімшілік іс қаралған, 545 тұлға әкімшілік жазаға тартылған, - 39  іс қысқартылған, оның ішінде - 30 әкімшілік іс татуласуына байланысты қысқартылғанын айтып өтті.
Сұхбат барысында төраға тілшінің барлық сұрақтарына жауап берді.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі