Жаңалықтар

Мектеп директоры жауапкершілікке тартылды

10/04/2024
Сарысу аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 314 б. 1 б. (Техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды қоспағанда, объектiлердi тұрғызу және реконструкциялау кезiнде құрылыс, құрылыс-монтаждау, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасынсыз жүргiзу) бойынша азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Қырғызстан азаматы елден кетуден жалтарған

10/04/2024
Жуалы аудандық сотында ӘҚБтК-нің 517 б. 4 б. (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша Қырғыз Республикасының азаматы А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Санкциялаудағы өзекті мәселелер

05/04/2024
Мойынқұм аудандық сотында «Сотқа дейінгі тергеудің және процестік құжаттарды дайындаудың сапасын арттырудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қызы садақа сұрады: сот анасын жазалады

28/03/2024
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ӘҚБтК-нің 127-б. 3-б. (кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және (немесе) тәрбиелеу, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша азаматша С. ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот негізсіз баю сомасын өндірді

28/03/2024
Жамбыл аудандық сотымен Г-ның жауапкер Т.-дан негізсіз баю сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сот талап қоюшының құқығын қорғады

28/03/2024
Жамбыл облысының МАӘС-мен әкімшілік рәсімді жүргізуді бұзғаны үшін ауылдық округ әкімінің әрекеттерін заңсыз деп тану туралы әкімшілік іс қаралды.

18-жасар Тараз тұрғынына полиция киімін заңсыз кигені үшін айыппұл салынды

28/03/2024

Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 675-б. 1-б. (Айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша  азамат А.-ға қатысты іс қаралды.

Тергеу сотында дөнгелек үстел өтті

28/03/2024
Тараз қаласының мамандандырылған тергеу сотында алуға, тінтуге, жеке тінтуге және қарап тексеруге санкция беру туралы материалдарды сотқа ұсыну кезінде туындайтын проблемалық мәселелер талқыланды.

Беттер