Шу аудандық соты ұжымына жаңа төраға таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Рустембековпен Шу аудандық сот ұжымына жаңа төраға Е.Жаманқұлов таныстырылды.
2017 жылдың 14 маусымындағы № 499 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жаманқұлов Ернар Боранғазыұлы Тараз қалалық № 2 сотының судьясы  қызметінен босатыла отырып, Шу аудандық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
Ж.Рүстембеков  өзінің құттықтау сөзінде судья Е.Жаманқұловтың  жалпы жұмыс өтілі 25 жылды құрайтынын, соның ішінде судьялық өтілі 11 жыл 2 ай екенін айтып өтіп,  оған зор денсаулық, сот төрелігін атқару қызметінде табыс және Президентіміздің сенген үмітін ақтауды тіледі.
Ұжым қызметкерлері жаңа төрағаның жұмысына табыс тіледі. 
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі