Сарысу аудандық сотының төрағасы «Қазақстан –Тараз» телеарнасына сұхбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сұхбат барысында соттың төрағасы Н. Андабеков 2016 жылдың 12 айында қаралған  қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша  статистикалық көрсеткіштерді атады.
2016 жылдың 12 айында статистикалық көрсеткіштерге сәйкес, қылмыстық іс бойынша 8 тұлғаға қатысты 7 қылмыстық іс, азаматтық істер бойынша 60 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылғанын айтты.
Сот төрағасы өз сөзінде 2016 жылдың 21 қарашасында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының кезектен тыс VII съезінде қабылданған Судьялық Әдеп кодексі  туралы жан-жақты айтып өтті. Аталған кодекс Қазақстан Республикасының Конституциялық және «Сот жүйесі мен  судьяларының мәртебесі туралы» заңдарына негізделгенін, онда адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт назарға алынғанын және кодекс  судьялардың кәсіби және моральдық келбетіне қатысты талаптарды қамтитынын айтты.
Сонымен қатар, судья өзі берген антына адал болу керектігін, сот төрелігін іске асырумен байланысты кез-келген іс-шаралар барысында әдеп нормаларын қатаң сақтау қажеттігін, оның іс-қимылы судьяның жоғары мәртебесіне лайықты болу керектігін атап өтті.
Соңында аудандық соттың төрағасы тілші тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға толық жауап берді.
 
Қайнар:Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі.