Сарысу аудандық сотында «Сотта келісімдік тәртіппен іс жүргізу» тақырыбында семинарлық сабақ өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға соттың төрағасы Н.Андабеков,  жергілікті «Сарысу» газетінің тілшісі К.Сүлейменова және соттың мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Соттың төрағасы Н.Андабеков кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасасудың негізгі мақсаты қылмыстарды жылдам және толық ашу, тергеп-тексеру, өзге де қылмыстық процесс міндеттерін заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау және қылмыстық процестің басқа да негізгі бастапқы қағидаттарын қатаң ұстана отырып, жасалған келісімге сәйкес соттың сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруі және істің қысқартылған тәртіппен сотта талқылауын жүзеге асыруы жолымен шұғыл орындауы болып табылатынын айтты.
Семинар барысында қатысушылармен процессуалдық келісімге қол қою және шектеу тақырыбындағы проблемалық сұрақтар талқыланды.
                                                                                           
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі