Сарысу аудандық сотында «Сот жүйесі қызметкерлерінің тосын жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеттері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Іс-шараға соттың кеңсе меңгерушісі Г.Несипбекова, жергілікті Сарысу газетінің тілшісі К.Сүлейменова,  Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілі Д.Ишпеков және кеңсе мамандары қатысты.
Іс-шара барысында кеңсе   меңгерушісі   Г.Несипбекова тосын жағдайлар туындаған кезде сот жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері туралы жалпы қағидасын  түсіндірді. 
Сот жасауылы О.Сейтбаев сот отырысы залында судья мен сот қызметкерлерінің денсаулығы мен өміріне қол сұғу кезіндегі сот жүйесі қызметкерлерінің іс-әрекеттері және сот ғимаратына қарулы шабуыл кезіндегі, жарылғыш затқа ұқсас зат тапқан кездегі және т.б. жағдайларда сот қызметкерлерінің іс-әрекеттері ережелерімен жан-жақты таныстырды.
Іс-шара барысында қатысушылар өзара туындаған мәселелер бойынша пікір алмасып, түсіндірулер берілді.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі