Сарысу аудандық сотында семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF
Сарысу аудандық сотында  "Жекеше айыптау істері бойынша құжаттарды рәсімдеу және сот кабинеті арқылы жолдау» тақырыбында семинарлық сабақ өтті.
Іс-шараға соттың төрағасы Н.Андабеков, Сарысу аудандық прокуратурасының прокуроры Қ.Қойшыбаев, кәсіби медиатор Р.Бахова,  сондай-ақ соттың мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Соттың төрағасы Н.А.Андабеков өз баяндамасымен  «Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13 нормативтік қаулысына сай, соттар жеке айыптау қылмыстық істері бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың ар-намысын, қадір-қасиетін және жеке басына қол сұғылмаушылық құқықтарын, олардың басқа да конституциялық құқықтарының сотта қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында заң талаптарын нақты және бұлжытпай орындауы керектігін айтты.
Сондай-ақ Н.Андабеков «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі – бұл халық үшін сот жүйесінің қол жетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін, сот органдарының электрондық сервисіне кіруге арналған бірыңғай терезе екендігін, ол арқылы әрбір азамат кез келген уақытта үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет арқылы сот құжатын көруге, сонымен қатар, істің қаралу барысы мен сот актісін шығарып алуына болатындығын айтты.
Іс-шара соңында қатысушылар өара пікір алмасып, барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
                                                                                   
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар