Сарысу аудандық сотында «Атқару парағын (телнұсқаларды) беру» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Сарысу  аудандық сотында «Атқару парағын (телнұсқаларды) беру»  тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді.
Семинарлық сабаққа судья Д.Төленбеков, әділет басқармасының басшысы А.Борчашвили, мемлекетттік сот орындаушы А.Исабеков, жеке сот орындаушы А.Молдабаев, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы Б.Сырлыбаев, жеткші маман С.Асқарбекова қатысты.
Судья Д.Толенбеков өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі  комитетімен 2-нысанды «Азаматтық істерді бірінші сатыдағы сотта қарау туралы есебінің» статистикалық мәліметтеріне жүргізлген талдауда көрсетілгендей, ағымдағы жылдың 1-ші  тоқсанында атқару парағын (телнұсқаларды) беру туралы келіп түскен арыздар саны 2016 жылдың 1-ші тоқсанымен салыстырғанда 2 есеге өскендігін,  атқару парағының телнұсқасын алуға жүгіну себептерінің бірі -сот орындаушылардың атқару өндірісінде, «кадрлар тұрақсыздығы» салдарынан жоғалатынын айтты.
Іс шара соңында, атқару өндірісінің органдары мен жалпы сот жүйесінің беделін және азаматтардың сенімін арттыру мақсатында, атқару парғының түпнұсқасы сот орындаушылардың кінәсімен жоғалған жағдайда, оларды телнұсқаны алу үшін дербес сотқа жүгінуді міндеттеу ұсынылғанын айтты.
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі