Сарысу аудандық сотында «Ашық есік күні өтті»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
2016 жылдың маусым айының 13 жұлдызында Сарысу  аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға келген азаматтармен соттың төрағасы Н.Андабеков сұхбат жүргізді.
«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізілді.
Іс-шараға Сарысу ауданының тұрғындары келіп, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.
Мәселен, ашық есік күніне Жайылма ауылының тұрғындары Ж.Базилов пен Д.Аскаровалар келіп, оларға заң шеңберінде сотқа жүгінумен байланысты құқықтары мен міндеттері түсіндірілді. 
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі