Прокурордың арызы қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Шу аудандық сотында  арыз беруші Шу ауданаралық прокуроры  Өзбекстан  Республикасының азаматы  Жураев Билолхан Талиб оглины  Қазақстан Республикасының  шегінен тыс шығарып жіберу туралы азаматтық ісі  қаралды.
Шу аудандық сотының 29.04.2016 жылғы қаулысымен  Өзбекістан Республикасының азаматы Жураев Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзышылық туралы кодексінің   517 бабы 5  бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, осы бап бойынша  оған көзделген  әкімшілік жаза түрі - Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазасы тағайындалған.
Алайда ауданаралық прокуратурасының көші-қон заңнамасының дұрыс қолдануына тексеру жүргізу барысында анықталғаны Б.Т. Жураев көші-қон заңнамасын өрескіл бұза отырып, Қазақстан Республикасына Оңтүстік Қазақстан облысы «Чернявка» бақылау өткізу пункті арқылы 06.05.2016 жылы өтіп, осы күнге дейін Қазақстан Республикасында жүрген.
Сот шешімімен Шу ауданаралық прокурорының арызы қанағаттандырылып,  Өзбекстан  Республикасының азаматы  Жураев Б.  Қазақстан Республикасының  шегінен тыс  шығарып жіберілді.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Шу аудандық сотының баспасөз қызметі