Пилоттық жоба аясындағы медиация некені сақтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF
Сарысу аудандық соты некені бұзу туралы талап арыз бойынша азаматтық істі жаңа пилоттық жоба аясында  медиация тәртібімен тоқтатты.
Сотқа талап қоюшы А.жауапкермен 2009 жылдан бері бірге тұратынын, осы некеден ортақ 3 балаларының барын, мінездерінің  жараспайтынын, бұдан былай отбасын сақтау мүмкін еместігін айтып арызданған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 165-бабының 16-тармақшасына сай, тараптарға пилоттық жобаны іске асыру мақсатында азаматтық істі медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасау арқылы аяқтау құқығы түсіндіріліп, хабарлама жолданған.   
Істі сотқа дайындау барысында, тараптар пилоттық жоба аясында өздеріне берілген құқықтарын пайдалана отырып,  араларындағы неке-отбасылық қатынастар саласындағы  дауды (жанжалды) сотқа дейін шешу үшін кәсіпқой емес медиаторға жүгініп, нәтижесінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеп, оның шартына сай, жауапкер Ж. талап қоюшы А.-дан кешірім сұрап, олар өзара татуласқандықтан,  алдын  ала сот отырысын өздерінің қатысуынсыз қарап, араларында жасалған медиативтік келісімді сотпен бекітуді сұраған.
Сот ұйғарымымен тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы медиативтік келісімі бекітіліп, азаматтық іс тоқтатылды.
 
 
Қайнар: Сарысу аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар