Облыстың судьялары «Тиімді қылмыстық саясат және қылмыстық сот ісін жүргізудің оңтайлы моделі – заманауи құқық қорғау жүйесін дамытудың басым бағыты» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF
Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов Алматы облысындағы «Ақбұлақ» биік таулы курортында «Тиімді қылмыстық саясат және қылмыстық сот ісін жүргізудің оңтайлы моделі – заманауи құқық қорғау жүйесін дамытудың басым бағыты» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.
Ағымдағы жылдың 17 мен 18 наурыз аралығында Жамбыл облыстық сотының өкілдері спикерлердің үш тақырыптық бағыттары бойынша баяндамаларын тыңдады.
Бірінші бағыт бойынша Египет Араб Республикасының Конституциялық Жоғарғы Соты төрағасының орынбасары Әдел Омар Шариф Египет Араб Республикасындағы конституциялық реформасы туралы сөз сөйледі. Сонымен қатар аталған сессия шеңберінде заңдылық қылмыстық процестің негізін қалаушы қағидаты ретінде, кінәсіздік презумпциясы қағидаты қылмыстық процестегі адамның қол сұғылмаушылық кепілі, кінәні мойындау және сот төрелігімен мәміле жасау туралы келісім,  сондай-ақ қылмыстық теріс қылықтар бойынша сот ісін жүргізудің ерекшеліктері талқыланды.
Екінші топтамада мүдделі құрылымдардың өкілдері экономикалық қылмыстық құқықбұзушылықтарды тіркеудің ерекшеліктері, материалдық объектілерді қолдан жасаудан қорғаудың құралы ретінде галаграммаларды пайдалану туралы айтты.
Үшінші топтама сотқа дейінгі іс жүргізу тақырыбына арналды және Германия мен Нидерландыдан келген эксперттердің баяндамалары тыңдалды.
Конференцияның қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар және олардың шешілу жолдары бойынша амалдар жасалып шығарылды.
                                            
Қайнар: Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар