Мойынқұм аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық сотында Жамбыл облыстық сотының судьяcы М. Атибековтың, аудандық соттың судьясы Б.Далибаевтың және соттың мемлекеттік қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Семинар барысында судья М.Атибеков қатысушыларға сыбайлас жемқорлық заңын назардан шығармауды талап етті.  «Біздің елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шаралар арнайы заңнамалардан көрініс тапқан» 1998 жылы қабылданған «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заңы толықтырылып, заман талабына сәйкес өзгертілген нұсқасы «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» деген атауға ие болып, кеселге тосқауыл қоюдың жаңаша тетіктерін жасауға мүмкіндік беріп отыр. Бұған қоса мемлекет басшысы 2014 жылы желтоқсан айында қол қойған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» стратегиясы да жемқорлықпен күрестегі жұмысты ұтымды ұйымдастыруға көмегін тигізуде.
Ары қарай, судья Б.Далибаев қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша сотпен жасалынған жұмыстар туралы айтып, қоғамды сыбайлас жемқорлықтан тазарту халықтың материалдық тәуелсіздігін құру мақсатында жүргізіліп жатқандығын көрсетті.
Семинар сабағының соңында судьялармен қатысушылардың туындаған барлық сұрақтарына жауаптар берілді.
                                                                                               
Қайнар: Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі