Мойынқұм аудандық сотында дау медиация тәртiбiмен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық соты Қ-ның жауапкер Т-ға  қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша қозғалған азаматтық ісін қарады.
Сот мәжілісінде судья-медиатордың көмегімен талап қоюшы Қ.  мен Т. дауды медиация тәртiбiмен реттеу туралы келiсiмге келіп, оның шарттары бойынша жауапкер Т. Қ-ға 1 925 000 (бір миллион тоғыз жүз жиырма бес мың) теңге қарық ақшаны 2017 жылдың 31 тамызына дейін қайтарып беруге міндеттенді, ал Қ. болса өз талаптарынан бас тартты.    
Аталған дауды реттеу туралы келiсiм сот ұйғарымымен бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен тоқтатылды.
Төленген  мемлекеттік баж сомасы 19 250 (он тоғыз мың екі жүз елу) теңге Қ-ға қайтарылды.
Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.
 
Қайнар: Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі