Мойынқұм аудандық сотында «Аудио - бейнежазу құралдарын қолдану» тақырыбында семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық  сотында судья Б.Далибаев, кеңсе меңгерушісі Г.Рахимова және бас мамандар С. Рысалдиев, А.Абжанова, Г.Маралбаева А.Абастың қатысуымен «Аудио - бейнежазу құралдарын қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.
Г.Рахимова - 2017 жылдың 18 маусымнан бастап күшіне енетін «Сот отырысының барысын тіркеуді, аудио-, бейнежазуды сақтауды және жоюды, аудио-, бейнежазуға қолжетімділікті қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазу құралдарын техникалық қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті  басшысының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 6001-15-7-6/486 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті  басшысының м.а. 2017 жылғы 15 мамырдағы № 6001-17-7-6/185 бұйрығын жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жолданғаны туралы және аталған бұйрыққа өзгерістер еңгізілгені туралы атап айтты. Сондай-ақ, өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, сот отырысының аудио, бейнежазу көшірмесін беру, өтініш негізінде жүзеге асырылады, осыған орай өтініш беруші аудио, бейнежазу көшірмесін іске қатысатын басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбай,  өз құқығын қорғау үшін ғана пайдалануға берілетіні, сондай-ақ көшірмені бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырмауға және оны үшінші тұлғаларға бермеуге міндеттенетіні жөнінде айтып түсіндірілді.
Іс-шараның соңында қатысушылар пікірлерімен алмасты.
 
Қайнар: Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі