Мойынқұм аудандық сотымен алимент туралы дау медиация тәртiбiмен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мойынқұм аудандық сотында талап қоюшы Ж. жауапкер М. ортақ қызы  А. үш жасқа  толғанша алимент өндіру туралы талап арызымен қозғалған азаматтық ісі қаралды.
Ж. ортақ заңды некеден 15.12.2016 жылы туылған қызы А. үш жасқа толғанша жұбайына ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіру туралы талап арызымен сотқа жүгініп, бүгінгі күні жауапкермен мінездері жараспай бөлек тұратынын, қызын жалғыз өзі бағып отырғанын көрсетіп, алимент бойынша келісімге келе алмағанын ескеріп, жұбайынан алимент  өндіруді сұраған.
Сот мәжілісінде талап қоюшы Ж жауапкер М. дауды медиация тәртiбiмен реттеу туралы келiсiмге келіп, оның шарттары бойынша жауапкер М. талап қоюшы Ж. пайдасына 19.05.2017 жылдан бастап ай-сайын бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қызы А. үш жасқа толғанша алимент төлеуге міндеттенді. Өз кезегінде Ж. қойған талап-арызынан бас тартып, соттан аталған істің өндірісін қысқартуды сұрады.
Аталған дауды реттеу туралы келiсiм сот ұйғарымымен  бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.   
 
Қайнар: Мойынқұм аудандық сотының баспасөз қызметі