Меркі аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Меркі аудандық сотында  «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, іс-шарада сот төрағасы Дәуренбеков Абай және судья Кенбаев Еркін осы күні ауданымыздың азаматтарын қабылдап, сот саласындағы сұрақтарға жауап берді.
Аталаған іс-шараға ауданның Ойтал ауылының азаматшасы Орынтаева Акмарал келіп, өз мәселесін баяндап берді. Оның сотқа жүгіну себебі – ол жұбайымен ажырасқалы жатыр, қазіргі таңда неке бұзылғаннан кейін бірге жиып-терген мүліктерін бөлуге байланысты дау туындап отырғандығына байланысты. Ал, келесі келген азамат Е.Мауленов  оның иелігінде бір үйі бар, ол үйінде көптен бері бір туысы тұрып жатыр, қазіргі таңда отбасылық жағдайына байланысты, ол туысына басқа тұратын жер іздеуін ұсынды, бірақ, туысы үйді ерікті түрде босатудан бас тартады. Ол туысын үйден заңды түрде қалай шығаруға болатыны туралы кеңес алуға келген.
Осы қойылған сұрақтарға сот төрағасы Абай Дәуренбеков пен іс-шараға қатысып отырған судья Еркін Кенбаев заң жүзінде, құқықтық нормаларына сүйене отырып, жауаптар берді.
Аталған іс-шара кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасып, «Ашық есік күні» іс-шарасы жабық деп жарияланды.
 
Қайнар: Меркі аудандық сотының баспасөз қызметі