Меркі аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Бүгін Меркі аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді. Азаматтарды қабылдауды сот төрағасы А.Дәуренбеков жүргізді.
Аталған шара халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот жүйесіне азаматтардың сенімін жоғарлату мақсатында өткізілді.
«Ашық есік күніне» келушілердің басым бөлігінің сұрақтары азаматтық құқықтары мен заңды мүдделерін сотпен қорғалуы туралы мәселелері болды.
Аталған іс- шараға  Меркі ауданы, Ленинжолы ауылының  тұрғыны  О.Боборанбаев қатысты. Азамат  О.Боранбаев меншік құқығын тану бойынша сұрақтарын қойды.
Азаматтардың әрбір қойылған сұрақтарына қолданыстағы заңнамаға сілтеме жасала отырып, толыққанды жауаптар берілді.
Осындай іс-шаралардың өткізу мақсаты әділ сот төрелігіне деген сенімді және қолжетімділігін арттыру болып табылады.
 
Қайнар: Меркі  аудандық сотының баспасөз қызметі.