Меркі аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сот төрелігіне қолжетімді ету мақсатында өткізіледі.
Сот төрағасы А.Дәуренбековтың қабылдауына  аудан тұрғыны Р.Тәжібекова алимент өндіру, ажырасу және көптеген өзекті сұрақтармен келді.
Сот төрағасы аудан тұрғынын тыңдап,  заңнамалардың нормаларына сәйкес, барлық жүгінулерге түсінік берді.
Р.Тәжібекова көкейкесті сауалына тиісті жауабын алғаны үшін сот төрағасына өзінің ризашылығын білдіріп, алда осы іс-шара жиі жалғасын табады деген үмітін білдірді.
Ашық есік күнін өткізілу мақсаты тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениеттің және халықтың сот жүйесіне деген сенімін жоғарылату, сондай-ақ сот әділдігінің қол жетімділігі болып табылады.
Қайнар: Меркі аудандық сотының сотының баспасөз қызметі